«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі

185

31 наурызда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі өткен. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қорының Telegram-арнасында жарияланды.

Тұжырымдамаға сәйкес Қордың мақсаттарының бірі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету болып табылады. Осыған байланысты Қор Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсететін болады, – делінген ақпаратта.

Қайырымдылық көмек тұрғын үйі жарамсыз боп қалған халыққа көрсетіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз