Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтып келмейтін апатты оқиға-су тасқыны салдарынан болған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізіп, Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп қатаң сынға алды. Президент зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығын келуіне байланысты өкінішін білдірді. Ел басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты халықтан кешірім сұрап, барлық азаматқа көмек берілетінін айтты.Премьер-Министрдің төрағалығымен республикалық штаб құрып, барлық өңірде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді,азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.Сонымен қатар мемлекеттік құрылымдарға табиғат апаты салдарынан болған шығын көлемін анықтауды тапсырып, болашақта мұндай апаттардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдауды міндеттеді.
Гүлжанат Нұршанова