Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

233

 Қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың төрағалығымен Талдықоған қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында көрші елде болып  жағдайларды ескере отырып, террористік тұрғыдан осал объектілердің қажетті қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, объектілерді қорғалу бойынша түсіндірме жұмыстар талқыланды.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының қыздар арасында хиджаб мәселесі бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелері де көтеріліп, тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.
Отырыстың соңында төрағаның орынбасары комиссия мүшелеріне бірқатар хаттамалық тапсырма беріп, тексеріс шараларын күшейту керектігін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз