Қала әкімі қаламыздағы шикізат өнімдерін өңдеп, шығарумен айналысатын шағын кәсіпорындарды аралады

182

Ең алдымен қала басшысы көлік дөңгелектерінің резеңкелерін қайта өңдеумен айналысатын «Эко Сервис-Арман» ЖШС-ның жұмысын көруден бастады. Кәсіпорын директоры жұмыс барысымен таныстырып, алдағы жоспарымен бөлісті.

Бұдан соң қала әкімі өңірімізде сұранысқа ие болып үлгерген «Таза» атауымен шығып жүрген жуғыш заттарды шығаратын шағын цех жұмысымен танысып, істеріне табыс тіледі.

«Бүгінде отандық өнімдерге деген сұраныс өте жоғары екендігін көріп отырмыз. Бұл өз кезегінде сапалы өнімнен бөлек, бағасы жағынанда тиімді болары сөзсіз. Біз әкімдік тарапынан шағын және орта бизнеске барынша қолдау танытып, одан әрі кең етек жайыуына серпiн бермекпiз. Талды қаламызда жылдан жылға шағын цехтардың саны артып келе жатқандығы қуантады. Осының арқасында тұрақты жаңа жұмыс орындары да ашылады», — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Ернат Дүйсенбекұлы қант қызылшасынан шәрбәт, квас және құс жемін алатын Олжас Найзабековтың өндіріс ошағын да көріп, бұндай тың жобаларға әркез қолдау танытатындығын айтып өтті.

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз