Вакцинация арқылы сырқаттан қорғануға болады

231

Қызылша – ауа-тамшылы жолмен таралатын вирустық инфекция.Қызылшаға бейімділік өте жоғары.Қызылшамен ауыратын адаммен қысқа мерзімді байланыста болған барлық қорғалмаған адамдаринфекцияны жұқтырып алады.

Инфекция көзі науқас адам, ол инкубациялық кезеңнің соңғы екі күнінен бастап бөртпенің төртінші күніне дейін жұқпалы болады.

Вирустың таралуы ауа тамшылы жолмен сілекей тамшылары, түшкіру, жөтелу және сөйлесу арқылы беріледі. Вирус ауа ағынымен айтарлықтай қашықтыққа таралуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаса немесе осы инфекцияға қарсы вакцина алмаса, онда науқас адаммен байланыста болғаннан кейін инфекцияны 100% жұқтырады.

Қызылша дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, жөтел, мұрыннан су ағумен басталады. Көздің зақымдануы – жасаурау, конъюнктивит тән. Негізгі белгілері жіті респираторлық вирустық инфекцияларға ұқсас, 2-3 күнге дейін (кей кездері 5-6 күн) сақталады, одан кейін қызғылт нүктелі – бөртпе пайда болады, олар бір бірімен қосылып даққа айналады. Алғашында адамның басында (құлақ арты, беті) пайда болады, бөртпе ақырындап 2-3 күннің ішінде төменге түсіп, аяққа дейін жетеді.

Қызылшадан өлім жағдайының көбісі осы аурумен байланысты асқынулардан пайда болады. Ең күрделі асқынулар – соқырлық, энцефалит (бас миының ісінуіне жеткізетін инфекция), құлақ инфекциялары және пневмонияға әкеліп соқтыратын жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары. Кез келген асқынулардан науқас өліп кетуі мүмкін.

Қызылшамен ауырмағандар, екпе алмағандар немесе бір рет екпе алғандар ауруға шалдығады.Ауру әсіресе жасына байланысты егуге жатпайтын 1 жасқа дейінгі балалар үшін, сондай-ақ асқыну қаупіне байланысты «қауіпті топ» деп саналатын 5 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпті.

Облыс бойынша алғашқы нақтамасымен қызылшаның 1422 жағдайы тіркелді, оның ішінде расталғаны1045.Иммундық статустары бойынша сырқаттанушылық вакцинацияланбаған балалар арасында тіркелуде – 78,5% (жасы жетпей  (1 жасқа толмаған) егілмеген – 21,1%,ата-аналардың балаларды вакцинациялаудан бас тартуы-23,8%, медициналық шектеу-9,5%,вакцинация туралы құжаттық растамасы жоқ 24,2%).Жетісу облысында қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаудың (ҚЖИ) арқасында сырқаттанушылық тұрақталды.Бүгінгі күні қызылшаға қарсы екпе алуға жататындардың  96% астамы иммундаумен қамтылды.

Инфекцияға қарсы ең қол жетімді және тиімді шара вакцинация болып табылады. Ұлттық күнтізбеге сәйкес алдын алу екпесі жоспарлы түрде 12-15 айда және қайта егуі 6 жаста жүргізіледі. Қызылшаның арнайы емі жоқ, бірақ вакцинация арқылы сырқаттан қорғануға болады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз