Екпенің нәтижесінде сырқаттанушылық деңгейі төмендейді

193

Иммундау – бұл вакцина енгізу арқылы адамда иммунитетті қалыптастыратын немесе жұқпалы ауруларды қабылдамау иммунитетін тудыратын процесс. Иммундау өмірге қауіп туғызатын жұқпалы ауруларға қарсы күрес үшін сынақтан өткізілген құрал.

Вакцинаның көмегімен жұқпалы аурулардың берілуін шектеп, мүгедектік пен өлім жағдайының алдын алуға болады. Науқас адамды емдегенше, сырқаттың алдын алудың дұрыстығы барлығына белгілі. Әлем бойынша екпелер белсенді жасалады. Дамыған елдерде балаларда екпенің болмауын, ата-ананың баласының денсаулығына салғырт қарауы деп саналады.

Жоспарлы екпенің нәтижесінде 2000 жылдармен салыстырғанда, сырқаттанушылық он мыңдаған жағдайдан спорадикалық, яғни бірнеше жағдайға дейін төмендеді. Өкінішке орай қол жеткізілген табыстарға байланысты біз инфекциялардың қалай ауыр өтетінін ұмыта бастадық. Салдарынан профилактикалық екпелерден бас тарту жағдайлары жиілеп кеткен. Кейбір ата-аналар балаларын қаласа да медициналық қарсы көрсетілімдері болуы себебінен жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялай алмайды. Егер халықтың 95% егілсе, онда бұл балалардың ауру қаупі төмен болады, өйткені оларды иммунитеті дамыған вакцинацияланған адамдар қоршайды, яғни ұжымдық иммунитет қорғайды. Егер вакцинацияланбағандардың саны рұқсат етілген деңгейден асып кетсе, бұл ортада инфекция пайда болған кезде инфекцияның өршуі мүмкін. Баланың және қоғамның денсаулығы үшін ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес екпелерді алу қажет.

Республика бойынша тұрғындарды иммундауға ҚР-да мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар қолданылады. Сонымен қатар балаларды кепілденген сапалы вакцинамен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатылып алынады.

Егер Сіздің балаңыз қандай да бір себеппен екпе алмаған болса, ресми деректерге сүйеніпәдебиетті оқып — біліп, білікті маманмен ақылдасып, балаңыздың, жақындарыңыздың және қоғамның денсаулығы үшін тиісті екпелерді салдырыңыз.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз