Талдықорғанда көктемгі санитарлық тазарту жұмыстары басталды

56
Талдықорғанда көктемгі санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Көктем айының басталуымен талды қаламыздың коммуналдық қызметі қаланы ауқымды санитарлық тазалауға кірісті. Мәселен, көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, жол белгілері, аялдамалар жуылады, скверлер, саябақтар, арық жүйелері қоқыстардан тазартуда.
Қазір арнайы техниканың және коммуналдық мекеме қызметкерлерінің көмегімен жол жиегі, тротуарлар мен жол жабындарын инертті материалдардан тазалау жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілу үстінде.
Іс-шараға 35 арнайы техника бірлігі және 200-ден аса дала еңбеккерлері жұмылдырылды.
Айта кетейік, сәуір айынан бастап қаламызда жалпы қалалық сенбіліктер ұйымдастырылып, өзең маңайы да күл-қоқыстан тазартылмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз