Болашақ шекарашылармен кәсіби бағдар жұмысы жүргізілді

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» (жолаушылар) шекаралық бақылау бөлімінің офицерлері Шекара академиясының 2-оқу дивизионында білім алатын, тағылымдамадан өтіп жүрген курсанттармен бірлесіп, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға ҚР ҰҚК Шекара академиясының құрылу тарихы, негізгі қызмет бағыттары, оқуға түсу талаптары мен тәртібі, оқу үдерісінің ерекшеліктері және болашақта Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, әскери мамандықты таңдаудың маңызы туралы ақпарат ұсынылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз