«Талдықорған» ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтуде

109

Бүгін Наурызнаманың «Ұлттық спорт күніне» орай Талдықорған қаласында ұлттық ат спорты түрлерінен Жетісу облысының чемпионаты өтіп жатыр.

«Талдықорған» ипподромында өткен іс-шара Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Жарыстың ашылуына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Қазір қатысушылар ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу түрлерінен бақ сынасуда.

Ұйымдастырушы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, спорт жарыстарының қорытындысы бүгін кешке шығарылып, жеңімпаздар марапатталатын болады.

 Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз