Қазақстанда алғаш рет Ұлттық спорт күні мерекесі өтуде

222

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақстандықтарды Ұлттық спорт күнімен құттықтады.

Бүгін, 20 наурызда Ұлттық спорт күнін атап өтудеміз. Бұл күні барлық өңірде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар мен турнирлер болады. Ат (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу) және құсбегілік жарыстарын, сондай-ақ түрлі турнирді (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту).

«Құрметті достар! Көктем лебімен бірге келетін халқымыздың ізгі дәстүрлерін айшықтайтын Наурыз мерекесі құтты болсын! Игіліктер бастауы болған Наурыз мейрамы биыл елімізде жаңаша атап өтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мейрамның идеясы мен құндылығы артып, «Наурызнама» тұжырымдамасы бекітілді. Бүгінгі күні Наурыздың арқасында ұлттық спорт түрлерінің бәрі дерлік қайта жаңғырып, тән мен жан үйлесімін сақтау үшін қажетті салауатты өмір сүру салтына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт пен отбасы амандығын тілеймін», – деді Туризм және спорт министрі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз