Табысты Отбасы» әлеуметтік жобасы 2022 жылы 1 желтоқсанда Абай, Жетісу, Ұлытау өңірлерінде, сондай-ақ, Түркістан және Ақтөбе облыстарында басталғанын атап өткен жөн. Жоба халықтың неғұрлым осал топтарының өкілдерін, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларың мүшелері, сондай-ақ балаларды жалғыз және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, табысы төмен отбасылардан шыққан жастарды кешенді оқытуға бағытталған.
Бұл күні , яғни, 15 ақпанда Ақтөбе, Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінен, жалпы алғанда, 143 тұрғын «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында оқуын аяқтағаны туралы сертификат алды. Қатысушылар мастермайнд, консультацияларды, жеке дамуы бойынша тренингтерді және ең бастысы бес бейінді бағыт бойынша («SMM», «Автоэлектрик», «Бьюти индустрия», «Кондитер ісі», «Тігін ісі») оқытуды қамтитын қарқынды кешенді оқытуды сәтті аяқтап шықты. Салтанатты шараға аймақтардағы облыс әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының өкілдері, қоғам белсенділері, бизнес-тренерлер мен жоба тәлімгерлері қатысты.«Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері және жоба авторы Айжани Нұрланова екінші лектің түлектерін онлайн форматта құттықтады.
Айжани Нұрланова: «Бүгінгі таңда «Табысты Отбасы» жобасының бес пилоттық облысының екінші легінің 143 қатысушысы сертификат пен өз ісін бастауға және жеке тұлға ретінде даму үшін нақты мүмкіндік алды.Әркім өзіне айқын бейіндік бағыт бойынша оқуды таңдап алды, тәжірибелі тәлімгерлер мен жаттықтырушылар бір ай ішінде сіздермен бизнесті дамыту бойынша білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Сіздердің әрқайсыларыңыз үшін қуаныштымын және сіздердің бастамаларыңызға сәттілік тілеймін»,- деп қатысушыларды онлайн форматта құттықтады.
Ал, Жетісу облысында бұл күні 36 қатысушыға сертификаттар табысталды.
Баспа үйінде ұйымдастырылған жиынға Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Б.Керімбек, «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігі төрайымы Д.Қыдырбаева, «Алпамыс»ҚБ төрайымы Г.Назырова, жобаның бизнес-тренері А.Серікбаева қатысты. Жиын онлайн және оффлайн түрде өтті.
Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Болат Бақбергенұлы да кәісп сырын меңгергендердің ісіне сәттілік тіледі. « Мен сіздердің әрқайсыңыз таңдалған бағытта жұмысты бастап және үлкен жетістіктерге жетесіздер деп үміттенемін және сенемін! Қоғамға пайдалы болу, қолдауды сезіну және отбасыдың әл-ауқатын жақсарту әр адам үшін өте маңызды. Бұл жоба өте тиімді. Бірақ та, ер-азаматтарды осындай кәсіпке баулып, өз ісін ашуға мүмкіндік қарастырылу керек. Құрылыс болсын, көлік жөндеу орталығын ашу да пайдалы болар түсер еді. Жобаның пайдасы зор. Табыс көзі әрі жұмыспен қамту болып табылады».
«Мен үшін бұл бір айлық оқу өте қызықты және пайдалы болды. Ең алдымен, жобада мен дамуға ынталандыру алдым, бәрі де мүмкін екенін түсіндім, бәрі сіздің біліміңіз бен дағдыларыңызды қалай қолданатындығыңызға байланысты. Мен үшін, декретте отырған ана ретінде осы «Табысты Отбасы» жобасы – жылдың ең үздік бастамасы болды»,- дейді Жетісу облысының тұрғыны, көп балалы ана Меруерт Тұрарова.