Департаментпен Нұсқамалар шығарылды

311

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (Департамент) «Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің аудит жүргізу нәтижелері туралы хатын қарап, келесіні анықтады.

2019-2021 жылдар аралығында «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бөлім) «Көксу таза су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (Кәсіпорын) «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңынормаларына сәйкес ашық конкурс немесе баға ұсынысын өткізбестен, бір көзден шарт жасасқан.

Алайда, бөлім мен кәсіпорын арасында жасалған шарттар бойынша қызметтер бәсекелестік ортаға жатады.

Бөлім мен Кәсіпорын арасында жасалған шарттар ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыратын нарық субъектілері арасындағы адал бәсекелестікті шектеуге әкелді.

Осылайша, Бөлімнің іс-әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (Кодекс) 194-бабына сәйкес жекелеген нарық субъектілеріне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметтің қолайсыз немесе кемсітушілік жағдайларын жасау бөлігінде бұзушылық белгілері байқалған.

Бұдан басқа, Кодекс нормаларына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар жүзеге асыратын қызмет түрлері монополияға қарсы органмен келісіледі.

Кәсіпорын шарттарда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімін алған жоқ.

Осылайша, Кәсіпорын монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Департамент Бөлімге және Кәсіпорынға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды.

Найманова Г.Е.

ҚРБҚДА Жетісу облысы

бойынша департаментінің тергеп-тексерулер бөлімінің басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз