«Жайлы мектеп» жобасымен Талдықорғанда 4800 орынға лайықталған 4 білім ошағы салынбақ

1365

«Жайлы  мектеп»  ұлттық жобасы  туралы  алдымен Мемлекет басшысының Жолдауында  айтылған болатын.  «…Жайлы  мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз  2025 жылға дейін  800 мың баланың  заманауи  мектепте  оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты  жағдайдағы және үш ауысыммен  оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл  және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы , мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі  болуы  керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке  өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы  заң тұрғысынан рәсімдеу туралы  шешім  қабылдауы керек» деп атап көрсетілген еді.

Бұл ретте, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысымен «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық  ұлттық  жоба бекітілді.

Талдықорған қаласы білім бөлімінің мәліметінше, осы ұлттық жоба шеңберінде 2023-2025 жылдар аралығында 4800 орынға лайықталған  4 мектеп салу жоспарланып отыр.

Бұл білім ошақтары қаланың қай аймағында салынады дегенге де жауап алдық.

-Жастар-2 шағын ауданында 900 орындық;

-«Көктал» шағын ауданында 1200 орындық;

-«Шығыс» шағын ауданында 1200 орындық;

-«Батыс» тұрғын ауданында 1500 орындық;

Әрине, мектептер жаңа бірыңғай стандарттар бойынша салынбақ.  Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқиды деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, мектеп ең заманауи физика, химия, биология және де роботтық техника кабинеттерімен жабдықтау көзделген.Кабинеттерде touch –экрандар орнатылады  және мектептің кез келген нүктесіненжоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Ерекше білім беру қажеттелігі бар балаларды оқыту да назардан тыс қалмақ емес. Олар үшін де тиісті жағдайлар қарастырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз