Облыстық пәндер олимпиадасы: Талдықорғанда білімділер сынағы өтуде

1376

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда   жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі 2023 жылғы 13-18 ақпан аралығында  өтіп жатыр.

Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілуде.

 Білім сынағының облыстық кезеңіне 492 оқушы қатысып, жалпы білім беретін 13 пән бойынша  бақ сынауда.

 Бұл олимпиада- оқушылардың   білімін  бағалау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, олардың   өзін-өзі дамытуына ықпал ету,дарынды балаларды анықтау үшін жағдай  жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлауды мақсат тұтады. Бұған дейін қалалық, аудандық сынға 4662 оқушы қатысып, өз білім деңгейлерін таныта алды. Солардың арасында «жүзден жүйрік»  шыққандар облыстық кезеңге жолдама алған болатын.

 Жалпы бақ сынаушылар 492 болса, солардың ішінде, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 227, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 265 оқушы қатысуда. Айтар болсақ, Талдықорған қаласынан бұл сынға 39 білімгер бақтарын сынауда.

  Олимпиаданы өткізуге қойылатын талап өте жоғары. Әр қатысушы платформаға қосылуға веб-камерасы бар жеке компьютермен қамтамасыз етіледі. Әрі  оларға жеке логин/пароль және жауап парақтарының бланкілері (тізіліммен) беріледі.  Логин/пароль республика бойынша белгіленген бірыңғай уақытта онлайн платформада тапсырмалар алу үшін қолданылады. Әр қатысушыға арналған тапсырмалар жеке таңбаланған. Олимпиаданың ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу барысы, онлайн режимінде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Олимпиаданың өткізілу ашықтығы мен академиялық адалдығын  қамтамасыз ету мақсатында «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар немесе ЖОО оқытушылары мен ғалымдары  шақырылып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз