Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы

324

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірінші кезектегі міндеттер қатарына көтерілді. Осыған байланысты, 2022 жылдан бастап облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметі түрлі негізгі  салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, бюджетке келтірілген залалды болдырмауға және халық мүддесін қорғауға бағытталуда. Бұл жұмыс облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бойынша жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жүргізіліп келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Оралбек Жұмағалиев пен департаменттің бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев аталмыш бағытта атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімдеді. Спикерлердің айтуынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы білім, медицина, жол және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, құрылыс және тұрғын үй, кәсіпкерлікті қолдау салаларын, халықты толғандыратын өзге де мәселелерді қамтиды. Картаға енгізілген әлеуметтік мәселелер арнайы мониторинг жүргізу және сыртқы талдау арқылы шешіледі. Агенттік талдаушыларының күнде­лікті мониторинг жасаудың тағы бір бағыты – мемлекеттік сатып алу жүйесі. Негізгі міндет – жоспарлау сатысында тұрған тауарларға бағаны қолдан кө­те­руге жол бермеу. Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстары бюджет қаражатын үнемді және тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Тимур Темірәлиев «Жер инспекциясы жер учаскелерін жеке меншікке беру туралы 27 қаулының бұрмаланғанын растады. Қылмыстық іс қозғалды. Тұрғын үй секторында 2022 жылы тұрғын үй беру  мәселелерінде әлеуметтік шиеленісті жеңілдету мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы жүргізілді. 2023 жыл ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорына заңсыз берілген 71 пәтер қайтарылды, сотқа 200-ден астам талап-арыз түсіп, заңсыз кезекте тұрған 2664 пәтер тізімнен шығарылды. Баяндама бойынша жіберілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг материалдары қылмыстық іс қозғауға негіз болды. Оның шеңберінде  282 пәтер әкімдік балансына қайтарылды. Білім беру саласы бойынша 270 млн. теңгеге жуық ұрлық әшкереленді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы — бұл динамикалық құжат. Егер сындарлы ұсыныстар болса, біз тыңдауға және Орталық аппаратқа ұсыныстар енгізуге дайынбыз»-деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз