Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың 11 айында атқарылған қызметінің қорытындылары туралы ақпараттық алаңда брифинг ұйымдастырылды. БАҚ өкілдерімен өткен жиында облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Сағымбаев Қуаныш Мұсаұлының баяндамасы тыңдалды.
Айтар болсақ, облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан ағымдағы жылдың 11 айында жалпы 120 аудиторлық іс – шаралар жүргізіліпті. Оның 106-сы жоспардан тыс және 14-і жоспарлы іс-шаралар.
-Жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды өткізуге комитеттің тапсырмалары, құқық қорғау органдарымен жіберілген шағымдары мен өтініштері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың е-Өтініштер арқылы түскен арыз-шағымдары негіз болды.
Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 16 988,7 млн теңгені, оның ішінде бақылаумен қамтылған мемлекеттік сатып алу сомасы 4 412,5 млн.теңгені құрады,-дейді Қ.Сағымбаев.
Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарау мақсатында аудит объектілеріне 111 нұсқама жіберілсе, оның есепті күнге 86-сы орындалған. 6 нұсқама бойынша орындау мерзімі келген жоқ. Қалған 19 нұсқаманың 13 нұсқамасы бойынша аудиторлық іс-шара материалдары Жетісу облысының прокуратурасына берілді, 6-ы бойынша сот процесі жүргізілуде.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 113 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты, оның ішінде 4 лауазымды тұлға жұмыстан босатылды.
Департаментпен аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерібойынша аудит объектісінің 314 лауазымды тұлғаларға 23,7млн. теңге сомасына әкімшілік жаза қолданылған, оның 15,5 млн. теңгесі бюджетке өндірілді. қалған 8,2 млн. теңгесін бюджетке өндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1 123 өтініш келіп түскен. Оның 1 мыңнан астамы қаралған.
Ал, камералдық бақылау бойынша 2023 жылдың 11 айында жалпы 13 116 лоттар камералдық бақылаумен қамтылуға тиіс болса, оның ішінде жалпы сомасы 348,5 млрд.теңгеге 12 735 лоттары камералдық бақылаумен қамтылды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға тапсырыс берушілерге және ұйымдастырушыларға 2131 хабарламалар жолданылған. Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 207-бабы 2-тармағына сәйкес, 3 мыңнан астам лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.