Үкіметтік емес ұйымдар елімізде қарқынды даму үстінде. Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимылды үйлестіру жөніндегі кеңес құрылған. Жуырда Кеңес мүшелері,Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кеңес отырысын өткізді. Онда бірқатар үкіметтік емес ұйымдар 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарған жұмыстарының барысы туралы есеп берді. «YERKIN» Өнер Академиясы», «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі, «Ұмтылыс», «Қос қанат» қоғамдық бірлестігі мен «Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымы» РҚБ жетекшілері жастарды және халықтың ең әлеуметтік белсенді топтарын біріктіре отырып,жасаған іс-шаралары туралы баяндады. Жалпы, қаламыздағы барлық үкіметтік емес ұйымдары мемлекет,бизнес және қоғам арасында маңызды рөлатқарады.Мемлекеттік билік органдары,мемлекеттік емес институттар ,яғни үкіметтік емес ұйымдар-азаматтық қоғамның қалыптасуының және дамуының кепілі.Сонымен қатар жаңа проблемаларды шешуде дәстүрлі емес әдістерді көбірек пайдалану арқылы тиімді әрекет етіп,тұлғаның,қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті саналады.
Гүлжанат Мырзалықызы