Талдықорған қаласы Қоғамдық кеңесінде маңызды мәселе қаралды

257

Талдықорған қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы Тіл сарйында өтті.  Отырысқа Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Қ.Сейтімбетов және қалалық бөлімдердің басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Талдықорған қаласы қоғамдық кеңестің төрағасы Ж. Мейрембаев жиынды ашып, күн тәртібімен таныстырды.  Бірінші кезекте, «Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімінің жобасы» қаралды. Бұл мәселелерде «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» ММ басшысы А. Барлыбеков, қалалық құрылыс бөлімі Е.Ниетбаев, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен Д.Шалғынбаев қойылған сұрақтарға жауап берді.  Қоғамдық кеңестің  мүшелері  жол, құрылыс, орталық саябақ туралы сауалдар қойып, ой бөлісті.  Ал бөлімдердің басшылары өз салаларына қарай жауап қайтарды.   Айтуларынша,   осы жылы қолға алынған кейбір жобалар алдағы жылы жалғасатындығы белгілі болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз