Болашаққа бастар жол – мамандықтар жәрмеңкесі

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері Пенжім орта мектебінің 9–11 сынып оқушыларына мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында «Болашаққа бастар жол – мамандықтар жәрмеңкесі» атты іс-шара өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға Шекара қызметінің бағыттары мен мамандықтары, оқу орындарына түсу тәртібі және әскери қызмет мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға қатысты қажетті мәліметтер алды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз