ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының аға офицері, майор Б. Шөмшекбаев Алмалы ауылындағы «Елтінді батыр атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясына, Ресей мен Түркияның жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, құжаттарды рәсімдеу, іріктеу кезеңдері, дене даярлығы және әскери мамандықтар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар оқу процесі, курсанттардың материалдық-әлеуметтік қамтамасыз етілуі және оқу аяқталғаннан кейінгі әскери қызмет мүмкіндіктері түсіндірілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























