ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына әскери қызметін өтеуге аттанған қатардағы жауынгер Ернат Бақкелді «Арыстан» арнайы әскери мектеп-интернатында білім алған. Жас сарбаздың әскери тәртіпке бейімділігі мен Отан алдындағы жауапкершілігі алғашқы күннен-ақ байқалды.
«Күз-2026» жас шақырылымын шығарып салу рәсімінде Ернат қатарластары алдында сөз сөйлеп, қаруластарын бірлікке, Отан алдындағы борышты абыроймен өтеуге шақырды. Сапта нық тұрып, ойын еркін жеткізуі оның әскери ортаға дайындығын аңғартты.
Әскери қызметтің алғашқы қадамын нық басқан Ернат алдағы уақытта жинақтаған білімін шыңдап, ел шебін күзету міндетін абыроймен атқаруға ұмтылмақ.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























