Үлгілі шекарашы Ерболсын

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Шолақ» шекара бөлімшесінің старшинасы, кіші сержант Ерболсын Ермұхан қызметіне жауапкершілікпен қарайтын әскери қызметшілердің бірі.

Ерболсын Жамбылұлы әскери жолын аға барлаушыдан бастап, шекаралық учаскедегі қызмет барысында тәжірибе жинақтады. Кейін бөлімше старшинасы болып тағайындалып, бүгінде жеке құрамның күнделікті қызметін ұйымдастыруға, тәртіп пен ішкі қызмет талаптарының сақталуына жауап береді.

Әскери қызметте жинақылық пен талапшылдықты ұстанатын Ерболсын әріптестеріне қолдау көрсетіп, жас әскери қызметшілерге бағыт-бағдар береді. Қызметіне адалдығы мен тиянақтылығы оны бөлімшенің тәжірибелі әскери қызметшілерінің біріне айналдырып келеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз