1 қазан – Қарттар күні қарсаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері мен «Застава тарландары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері шекара қызметінің ардагері, тыл бөлімінің офицері, отставкадағы подполковник Толснев Михаил Ивановичтің 90 жылдығына орай шаңырағына арнайы барып, мерейтойымен құттықтады.
Кездесу барысында ардагердің шекара қызметіндегі көп жылғы еңбегі аталып, құрмет көрсетілді. «Застава тарландары» қоғамдық бірлестігінің өкілі, отставкадағы полковник Назым Мұздыбаев ізгі тілегін жеткізді. Ардагерге сый-сияпат табысталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті




























