Әскери журналистің жаңа кітабы жарық көрді

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің әскери журналисті, подполковник Манарбек Қарекеновтің балалар мен жасөспірімдерге арналған «Киберқасқыр» атты шытырман оқиғалар мен детектив әңгімелер жинағы жарық көрді.

Кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату бағдарламасы аясында жарыққа шыққан. Жинақта адалдық, достық, еңбекқорлық, табиғатты қорғау, жауапкершілік және цифрлық қауіпсіздік тақырыптарын қамтитын әңгімелер топтастырылған.

Автордың айтуынша, шығарма жас оқырмандарды қызықты оқиғалар арқылы ой түйіп, адамгершілік құндылықтарды бағалауға үндейді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз