Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жариялады. Бұл Жолдаудың мәні де, мазмұны да айрықша болды. Әуелі ел өміріндегі тарихи өзгерістерге тоқталып, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларымен бөлісіп, алдағы мақсат-міндеттерді атап өтті.
Осы орайда Мемлекет басшысы Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл бастама халықтың табысын арттыруға және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті. Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру – еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі. Сондықтан қабылданған шешімнің нақты нәтижесі халықтың күнделікті тұрмысында сезілуі, ал әлеуметтік қолдау шаралары экономикалық тұрақтылықпен қатар жүзеге асырылуы маңызды.
Ақмарал АРДАҚҚЫЗЫ





























