«Қорғас» ШЫХО аумағынан өту тәртібі түсіндірілді

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы аумағынан өту және онда болу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Азаматтарға ШЫХО аумағында белгіленген маршруттармен жүру, орталық шегінен Қытай бағытына заңсыз шықпау, сондай-ақ шекарашылар мен бақылау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар тыйым салынған заттарды алып өту, режимдік нысандарда рұқсатсыз фото және бейнетүсірілім жасауға жол бермеу жөнінде ақпарат берілді. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз