«Жетісу» — шекарадағы жауапты ұжым

3

Достық ауылы арқылы өтетін халықаралық теміржол бағытын ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Жетісу» шекара бөлімшесі күзетеді.

Бөлімшенің әскери қызметшілері тәулік бойы белгіленген бағыттарда шекара нарядын атқарып, теміржол және шекара маңындағы жағдайды бақылайды. Қызметтің басты талабы – қырағылық, тәртіп және жауапкершілік.

Шекарашылар жергілікті тұрғындармен де тығыз байланыста. Мектептерде әскери-патриоттық кездесулер өткізіп, жасөспірімдерге шекарашы мамандығы мен Отан алдындағы борыш туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде «Жетісу» шекара бөлімшесінің жеке құрамы Жоңғар қақпасындағы мемлекеттік шепті сенімді күзетіп келеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз