Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама

4

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – бір реттік тазалық акциясымен шектелмейтін, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жалпыұлттық бастама. Ол тазалықты ғана емес, жауапкершілікті, мәдениетті, отансүйгіштікті және ортақ іске жұмыла білуді дәріптейді. Оның нәтижелі жүзеге асуы әрқайсымыздың күнделікті іс-әрекетімізге байланысты. Тазалық, тәртіп және жайлылық – халықтың тұрмыс мәдениеті мен өркениет деңгейінің көрінісі. Таза әрі көрікті ел құру – мемлекет пен қоғамның ортақ мақсаты. Ал бұл мақсатқа жетудің алғашқы қадамы өз ауламыздан, өз көшімізден, өз қаламыз бен ауылымыздан басталады.

Зарина Есімбек

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз