⚜️Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Адалдық – әділ қоғамның негізі» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
🔷️ Іс-шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Е. Бурибаев пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Манап және түрлі қоғам өкілдері қатысты.
🔷️Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік және мемлекеттік құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қоғамның дамуына әр азаматтың қосар үлесінің маңызын түсіндіру.
🔷️ Кездесу барысында жас буынға адалдықтың тек жеке қасиет қана емес, қоғамдағы өзара сенім мен әділдіктің негізі екені айтылды.
🔷️ Мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастарға GPA 3.33 төмен емес көрсеткішімен оқуын аяқтаған түлектердің заңнамада көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметке конкурстан тыс орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебіне қабылдау, миссиясы туралы ақпарат берілді.
🔷️ Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу әр азаматтың басты міндеті екендігіне де ерекше назар аударылды.
🔷️Іс- шара соңында Университеттің профессорлық- оқытушылық құрамы мен студенттері мазмұнды кездесу үшін ризашылықтарын білдірді.




























