Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XLI сессиясының отырысы өтті

4

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Жетісуоблыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №33-202 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

2026 жылғы облыстық бюджетті нақтылаужалпы сомасы 11,7 млрд теңгені құрайтынмемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруесебінен жүзеге асырылады.

Оның ішінде 6,9 млрд теңге «Энергетикалықжәне коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдыдамытуға бағытталды. Қаражат Ескелдіауданындағы Ақтасты ауылында суменжабдықтау жүйесін дамытуға, Талдықорғанқаласының сумен жабдықтау және су бұружүйелерін автоматтандыруға, сондай-ақТекелі қаласында сумен жабдықтаудың екіжобасын іске асыруға және магистральдықкәріз желілерін реконструкциялауғажұмсалады.

Жобаларды іске асыру шеңберінде 89 шақырым инженерлік желіні, оның ішінде 81 шақырым сумен жабдықтау және 8 шақырымсу бұру желілерін реконструкциялау, сондай-ақ 1 345 есепке алу құралын орнатукөзделген.

Сонымен қатар, әлеуметтік осалсанаттарға жататын және тұрғын үй алуғакезекте тұрған азаматтарды баспанаменқамтамасыз ету мақсатында 4,8 млрд теңгекөлемінде мемлекеттік бағалы қағаздаршығару бекітілді. Бұл қаражат нарықтықшарттарда 10 жыл мерзімге 1 252 жалғаберілетін тұрғын үйді сатып алуғабағытталады.

Сонымен бірге, Жетісу облыстықмәслихатының «Жетісу облысы бойыншатұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесінайқындау туралы» 2023 жылғы №7-44 шешімінің күші жойылды деп танылды.Аталған шешімнің күшін жою тұрғын үйсертификаттарын беру саласындағынормативтік құқықтық базаны қолданыстағызаңнама талаптарына сәйкестендіріліп, жаңақұқықтық акт қабылданды.

Бұдан бөлек, «Жетісу облысының(қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларының жаңаданқабылдануына байланысты, Жетісуоблыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы №10-26 шешімінің күшіжойылды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселелер «Жетісу облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің құрамы, сондай-ақ Жетісу облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жаңа құрамы бекітілді.

Сессия қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз