Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бастамасымен Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы және жобалау ұйымдарымен бірлесіп ашық диалог форматында пікірталас алаңы өткізілді.
Іс-шара «Жетісу облысының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы» жобасын талқылау аясында ұйымдастырылып, өңірдің перспективалық дамуы, адалдық, ашықтық және сәулет пен қала құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін қамтыды.
Кездесу барысында қатысушылар облыстың ағымдағы және перспективалық даму жобаларын, аумақтарды кешенді жоспарлау, абаттандыру және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Іс-шараның жеке бөлігі «Сәулет және қала құрылысы саласындағы адалдық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу» тақырыбына арналды. Практикалық жағдайларды талқылау, пікір алмасу және «сұрақ-жауап» форматында ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, заңнама талаптарын сақтау және мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында абаттандыру мен экологиялық жауапкершілік мәселелерін, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде заңдылықты, тәртіпті және жауапкершілікті сақтаудың маңыздылығын талқылады.




























