Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектепте 3-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Әкем, анам және мен» атты спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі спорттық эстафеталарға қатысып, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын, ұйымшылдығы мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Жарыс барысында ата-аналар мен балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, белсенділік танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын
🥈 ІІ орын
🥉 ІІІ орын
ІV және V орындар иегерлері анықталып, қатысушылар грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей, отбасы – әр адамның тірегі мен берік қамалы. Осындай спорттық шаралар ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараға 76 оқушы, 12 ата-ана және 15 мұғалім қатысты.




























