Талдықорғанда «Аналар форумы» өтті

2

13 қыркүйек отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру, әйелге деген сыйластық қарым-қатынас дәстүрлерін қолдау және отбасылық негіздерді нығайту мақсатында «Аналар форумы» атты ауқымды мерекелік шара ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ана мәртебесін көтеру, әйелдерге құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру, отбасылық татулық пен өзара сыйластықты насихаттау.
Аталмыш шара Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі және «Жетісу жастар ұйымының конгресі» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Шара барысында қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген, көпбалалы, үлгілі және белсенді 10 әйелге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Марапатталғандар қатарында Карпова Алёна Ивановна, Касенова Фая Саметовна, Дүйсебаева Ұлжалғас Бурасанқызы, Таувалдинова Гульвира Джаумбаевна, Исаева Анар Турсынбаевна, Сексенбаева Индира Султановна, Төлегенова Айтжамал Батырхановна, Аманова Лаура Маратқызы, Нұртай Қаламқас және Кусаинова Айман Мухамедбековна бар.
«Аналар форумы» барысында отбасының қоғамдағы маңызы, ана өнегесі, бала тәрбиесі және ұлттық отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері сөз болды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, отбасы берекесі мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Мерекелік шара ән-шашумен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Аналар форумы» әйел-аналарды құрметтеуге, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпаққа өнегелі отбасы үлгісін насихаттауға бағытталған мазмұнды шара болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз