Бүгінгі таңда республикада, оның ішінде Жетісу облысында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда және әкімшілік аумақтардың елді мекендері бойынша инфекция әртүрлі қарқындылықпен таралуда.
Жетісу облысында қызылшаның алғашқы нақтамасымен 317 жағдайы тіркелді, оның ішінде 229 (72,2%) жағдай расталды. Негізінен 66,8% аурушаңдық вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркелді. Жұқпа ошақтарында қызылшаға қарсы екпеден бас тартқан адамдар өздерінің туыстары мен жақындарының қызылшаға шалдығу көзіне айналды.
Қызылша — вируспен берілетін өте жұқпалы, ауыр түрде өтетін сырқаттанушылық болып табылады. Аталған аурумен сырқаттанған адамның орталық жүйке жүйесі зақымдалады. Қызылша әлем бойынша ерте жастағы балалардың өліміне әкеліп соқтыратын негізгі себептің бірі болып қалуда.
Ауру қалай беріледі
Инкубациялық кезең 7-21 күн аралығында созылады, жұқпа көзі науқас адам. Ауру ауа-тамшы жолдары арқылы науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде немесе түшкіргенде беріледі. Ауру өте жұқпалы, яғни бұрын сырқаттанбаған адамға қызылшамен ауыратын науқаспен қарым — қатынаста болғанда сырқаттану қаупі өте жоғары (егілмеген жағдайда). Сондай-ақ ауру қоздырғышы ауа арқылы алмасуы мүмкін, мысалы көп пәтерлі үйлерде саты, желдету шахтасы арқылы. Вирус ауада немесе инфекция жұқтырылған беткейлерде 2 сағатқа дейін белсенді және жұқпалы болып қалады.
Қызылшаның белгілері
Қызылша дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, жөтел, мұрыннан су ағумен басталады. Көздің зақымдануы — жасаурау, конъюнктивит (қабақтың шырышты қабаттарының қабынуы) белгілі жағдай. Негізгі белгілері жіті респираторлық вирустық инфекцияларға ұқсас, 2-3 күнге дейін (кей кездері 5-6 күн) сақталады, одан кейін қызғылт нүктелі — бөртпе пайда болады, олар бір бірімен қосылып даққа айналады. Алғашында адамның басында (құлақ арты, беті) пайда болады, бөртпе ақырындап 2-3 күннің ішінде төменге түсіп, аяққа дейін жетеді.
Асқынулары
Қызылшадан өлім жағдайының көбісі осы аурумен байланысты асқынулардан пайда болады. Ең күрделі асқынулар — соқырлық, энцефалит (бас миының ісінуіне жеткізетін инфекция), құлақ инфекциялары және пневмонияға әкеліп соқтыратын жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары. Кез келген асқынулардан науқас өліп кетуі мүмкін.
Кімдерге қауіп төнеді
Егілмеген барлық балалар мен ересеткерге қауіп бар. Көбінесе ересектерде қызылша ауыр ағымда өтеді. Соңғы кезде вакцинацияның қарсыластары пайда болған: ата – аналар балаларын ектіруден бас тартады, себебі екпенің салдары туралы жалған пікірлерден қорқады. Екпенің қарсыластары ғылыми немесе медициналық тұрғыдан дәлелденбеген, өздерінің дәлелі ретінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалаларға сүйенеді. Қазақстанда тұрғындарды иммундауға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар қолданылады. Заң міндетті вакцинациялауға күштеп немесе еріксіз көндірмейді. Егуді жүргізуге келісім беру тек ата — ананың құқында, бірақ екпеден бас тарту арқылы олар баланы егіліп және дені сау болу құқығынан айырады.
Алдын алу шарасы
Инфекцияға қарсы ең қол жетімді және тиімді шара вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы вакцина 20 жылға дейін сақталатын иммунитет қалыптастырады. Ұлттық күнтізбеге сәйкес алдын алу екпесі жоспарлы түрде 12-15 айда және қайта егуі 6 жаста жүргізіледі. Қызылшаның арнайы емі жоқ, бірақ вакцинация арқылы сырқаттан қорғануға болады.
Егерде Сіз немесе Сіздің балаңыз сырқаттанған жағдайда келесі шараларды орындау қажет:
шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну (тұрғылықты жері бойынша емханадан дәрігер шақырту немесе ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырту);
емханаға өзбетінше бармай, дәрігерді күту;
дәрігер келгенше туыстар, таныстар және басқа да адамдармен қарым – қатынаста болмау;
дәрігерге Сіздің шетелде қай кезеңде және қай елде болғаныңыз туралы айту;
жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды қол орамалы немесе сүрткіш арқылы жабу, қолды сабынды сумен жиі жуу немесе қолды тазалауға құрамында спирт бар тазалағыш затты қолдану;
тыныс алу жүйелерін қорғайтын заттарды қолдану (мысалы бетперде);
өзбетінше емделумен айналыспау!
Бүгінгі таңда республикада, оның ішінде Жетісу облысында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда және әкімшілік аумақтардың елді мекендері бойынша инфекция әртүрлі қарқындылықпен таралуда. Жетісу облысында қызылшаның алғашқы нақтамасымен 308 жағдайы тіркелді, оның ішінде 223 (72,4%) жағдай расталды. Негізінен 63,4% аурушаңдық вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркелді. Жұқпа ошақтарында қызылшаға қарсы екпеден бас тартқан адамдар өздерінің туыстары мен жақындарының қызылшаға шалдығу көзіне айналды.
Сондықтан профилактикалық егулерді жүргізу үшін салмақты және ақылға қонымды шешімдер қабылдаңыз. Әр адам өз денсаулығы мен баласының денсаулығы үшін немқұрайлы болмауы керек. Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз — қажетті профилактикалық егулерді уақтылы алыңыз!
Чарапиев Асхат Сәкенұлы – СЭҚД басшысы