5 қарашада өткен Жетісу облысы Кербұлақ, Сарқан аудандары әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы

254

2023 жылы 5 қарашада өткен Жетісу облысы Кербұлақ, Сарқан аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.

2 аудан бойынша барлық сайлаушылардың саны 54 634 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 38 974 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –314 сайлаушықатысты.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 347.

Кандидаттардың жалпы саны – 4 кандидат.

Кандидаттардың сенім білдірген адамдары, оның ішінде саяси партиялармен 82 кандидаттарқатысты.

Қазақстан Республикасының өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігі және коммерциялық емес ұйымдарынан 121 байқаушылары  қатысты. Оның ішінде:

  1. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінен 61 байқаушы;
  2. «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінен 1 байқаушы;
  3. «Жетісу облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінен 57 байқаушы;
  4. «Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қоры» қоғамдық қорынан 1 байқаушы;
  5. «Жетісу тәуелсіз бақылаушылары» қоғамдық бірлестігінен 1 байқаушы қатысты.

  • Кербұлақ ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне27 787 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 18 812 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 169 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2 кандидат.

Әкім сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді:

Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев үшін сайлаушылардың 1216 дауысы берілді;

Қанат Болатұлы Есболатов үшін сайлаушылардың 16794дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 347.

Сайлау қорытындысы бойынша Кербұлақ ауданының әкімі болып ҚанатБолатұлы Есболатов сайланды, 1982 жылы туған,бұрынғы лауазымы Кербұлақ ауданының әкімі.

— Сарқан ауданы бойынша сайлаушылар тізіміне 26 847 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 20 162 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша –0 дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –145 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2 кандидат.

Әкім сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді:

Бауыржан Бақытұлы Абибеков үшін сайлаушылардың 2 609 дауысы берілді,

Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев үшін сайлаушылардың 17 055дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны –0.

Сайлау қорытындысы бойынша Сарқан ауданының әкімі болып Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев сайланды, 1968жылы туған,бұрынғы лауазымы Сарқан ауданының әкімі.

Жетісу облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз