Жетісу облысында 62 медициналық ұйымда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталды

264

2023 жылдың 9 айында Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 62 медициналық ұйымға тексеру жүргізді. Оның 31-і кесте бойынша берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігімен, 31-і ҚР Бас прокуратураның талабы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Осындай ақпаратпен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті.

«Тексерілген 62 стационар бойынша барлығында бұзушылықтар анықталды және әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеру қорытындысында облыстың медицина ұйымдарында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалмауы, инфекциялық  бақылау жұмысының жеткіліксіздігі анықталды. Сонымен бірге, желдету жүйесінің жарамдылығы, ыстық сумен қамтамасыз етілу, жөндеу жұмыстарының қажеттілігі мәселелері бойынша да бұзушылықтар орын алды. Дезинфекциялық-стерилдеу режимдерінің сақталмауы тексеру кезінде жүргізілген зертханалық зерттеулер қорытындысымен расталды», — деді департамент басшысы.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 46 млн. теңгеге жуық мөлшерде 84 айыппұл салынды. Бұзушылық анықталған барлық субьектілерге бұзушылықтарды жою туралы 28 санитариялық ұйғарым беріліп, 1 материал сотқа жіберілді, жұмыстан шеттетілгендер жоқ.

«Жүргізілген жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 62 нысан күрделі жөндеуді қажет ететін 15 денсаулық сақтау обьектісі анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес 2023-2025ж.ж.  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде  59  денсаулық сақтау нысанын  салу жоспарланған. Бүгінгі күні 22 нысан салынып қолданысқа берілсе, қалғандарының құрылысы жалғасуда», — деп қорытындылады Асхат Сәкенұлы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз