Жетісу облысында Құрылтай сайлауына орай бүгін қоғамдық көлікте жүру тегін

Бүгін, 23 тамыз, яғни Құрылтай сайлауы күні облыстың аудан-қалаларында қоғамдық көлік тегін жүріп жатыр, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірдегі жолаушылар тасымалдаушыларының бастамасымен осы күні елді мекендер ішіндегі автобус бағыттарында жолақы алынбайды. Бұл ретте 24 тамызда қоғамдық көлік күнделікті режиміне оралатынын еске саламыз.  

Мәселен, Талдықорған қаласында саяжайлар тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін сайлау учаскелеріне дейін арнайы автобус бағыттары ұйымдастырылуда.

Тегін жол жүру сайлаушылардың елді мекендер ішінде еркін қатынауына жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.

Еске салсақ, облыс аумағында 468 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Фотограф: Олжас Құрмашев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз