Жетісу облысының сайлау учаскелерінде аниматорлардың қатысуымен мерекелік кездесу өткізілді

2

Жетісу облысында сайлау күні дауыс беруге келген азаматтардың көңіл-күйін көтеріп, сайлау учаскелерінде жағымды әрі мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған «Сайлаушылардың аниматорлармен мерекелік кездесуі» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Жоба аясында аниматор №437, №464 сайлау учаскелеріне арнайы барып, дауыс беруге келген тұрғындармен интерактивті форматта жұмыс жүргізді. Аниматорлар сайлау учаскесіне келушілерді мерекелік көңіл-күймен қарсы алып, қысқа ойындар, көңілді қимыл-қозғалыстар, фотоға түсуге арналған көңілді сәттер және басқа да ойын-сауық элементтері арқылы жағымды эмоция сыйлады.

Іс-шараның басты ерекшелігі — сайлау процесіне араласпай, оның айналасында жағымды қоғамдық орта қалыптастыру. Аниматорлардың қатысуы дауыс беруге келген азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлап, сайлау күнін ерекше әрі есте қаларлық атмосферада өткізуге мүмкіндік берді. Шара барысында аниматорлар азаматтармен еркін форматта қарым-қатынас жасап, балалар мен ересектерге арналған жақсы көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараның негізгі мақсаты — дауыс беруге келген тұрғындардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, азаматтарға жағымды әсер қалыптастыру, сайлау учаскелерінде жылы әрі мәдени орта орнату және тұрғындардың сайлау күніндегі белсенділігін оң эмоциялармен үйлестіру.

Аниматорлар азаматтардың саяси таңдауына ықпал етпейді, үгіт-насихат жүргізбейді және қандай да бір кандидатқа немесе саяси күшке дауыс беруге шақырмайды. Негізгі назар азаматтарға мерекелік көңіл-күй сыйлауға және қоғамдық ортадағы позитивті атмосфераны қалыптастыруға аударылды. Іс-шараның өткізілуі сайлау учаскелеріндегі қалыпты жұмыс тәртібін бұзбайтындай ұйымдастырылды. Аниматорлардың жұмысы дауыс беру процесіне кедергі келтірмей, сайлау учаскесіне келушілердің қауіпсіздігі мен жайлылығын ескере отырып жүргізілді.

Осы бастама арқылы Жетісу облысының тұрғындары үшін сайлау күнін жағымды эмоциялармен толықтыратын, азаматтарға құрметпен қарайтын және қоғамдық ортада көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыратын мерекелік формат ұсынылды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз