Талдықорғанда көпсалалы облыстық балалар ауруханасын сейсмикалық күшейте отырып реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Талдықорған қаласындағы құрылыс нысандарын аралау барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев көпбейінді облыстық балалар ауруханасын реконструкциялау жұмыстарымен танысты.
Нысанды аралау қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғалар мен мердігер ұйымға реконструкция жұмыстарын сапалы атқаруды, бекітілген кестеден кешігуге жол бермеуді және жұмыстың әр кезеңін жіті бақылауды тапсырды.
Атап өтсек, нысан биылғы желтоқсан айының ортасында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотограф: Дмитрий Ерофеев





























