№166 сайлау учаскесінде «Ақ әжелер» ансамблі Көкпекті ауылдық округінің сәнін келтірді. Кимешек киіп, қазақы нақыштағы ұлттық киіммен жүрген қарт өнерпаздар ән шырқап, дауыс беріп, Құрылтай сайлауына белсене атсалысуда.
Ақ жаулықты әжелердің әсем әні мен ұлттық болмысы сайлау учаскесіне ерекше көңіл-күй сыйлады. Өнер мен елдік мүддені ұштастырған ардақты әжелер кейінгі ұрпаққа өнеге көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді араласып келеді.



























