Қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі?

147

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы апат кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды.

“Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетілетін болады”, – делінген Премьер-министр сайтындағы мәлімдемеде.

Атап айтқанда, келесі қолдау шаралары қарастырылған:

– компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;

– моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;

– асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;

– қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

– жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;

– жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;

– қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;

– 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;

– қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру;

–  үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз