«Сапалы өнім» жобасы іске асырылмақ

838

Баспа үйінің мәжіліс залында БАҚ өкілдерімен «Сапалы өнім» жобасын презентациялау тақырыбында брифинг өтті.

ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Зайтбеков Еділ Тасболатұлы,  Техникалық реттеу және метрология комитетінің  Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы  Бибігүл Омарова,

 Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов  өз жұмыстары бойынша қысқаша тоқталды.

  Бұл брифингте  Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау  департаментінің  9 айдағы атқарған жұмыстары және «Сапалы өнім» жобасымен таныстырылды.

Ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысының алға қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.

Бұл барлық тұтынушылардың мүддесін қамтиды.

Тұтынушылардың құқықтарын және жосықсыз бәсекелестікті бұзатын нормативтердің, іс-қимылдардың бұзылуын анықтау және Ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жоба іске асады.

Жалпы, Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштері артып келеді. Мысалы, 2023 жылдың  1 қазанына дейін   417 өтініш түсіп, оның 167 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға жалпы сомасы  9 706 000 теңге тұтынушыларға кайтарылған.

Жалпы алғанда өңірде ахуалды штаб жұмыс істейді. Оның құрамына облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау дерпартаменті, техникалық реттеу және метрология комитеті Жетісу облысы бойынша департаменті, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және де басқа органдар еніп отыр. Олар өзара талапқа сай келмейтін өнімдердің айналымына жол бермеу мақсатында меморандумға қол қойған. Ахуалдық штаб  жұмысы бойынша сапасыз тауарларды анықтау бойынша импорттық «Простоквашино» және «Домик в деревне» сүт өнімдеріне 2 сараптама жүргізіліпті. Сараптама нәтижесінде кемшіліктер анықталмаған. Ал енді қолға алынып отырған «Сапалы өнім» жобасы – бұл ішкі нарықта азық-түлік қаупсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерінің бірі болып табылады. Бастысы тұтынушылардың құқығын қорғау бағытталған жоба екендігіне спикерлер тоқталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз