Санитариялық қызметтер нарығы

3

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Жетісу облысының географиялық шекараларындағы санитариялық қызметтер (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау және басқа да ұқсас қызметтер) нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуді бастады.

Талдау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінен келіп түскен өтініштерге байланысты жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аталған нарықта санитариялық қызметтерге деген қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті ресурстары бар лицензияланған жеке ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер қызметін жүзеге асыруда. Мемлекеттік кәсіпорынның осындай қызметтерді көрсетуі бәсекелестік ортаның дамуына теріс әсер етуі және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін.

Осыған байланысты талдау шеңберінде аталған сектордағы мемлекеттің одан әрі қатысуының орындылығын бағалауға ерекше назар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз