Жетісу облысында тіркелген интернетке қол жеткізу қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізілуде

3

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті сымды (тіркелген) интернет қызметін көрсету нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізуді бастады.

Талдаудың мақсаты — бәсекелестік ортаның деңгейін бағалау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, сондай-ақ бәсекелестіктің дамуына және осы нарыққа жаңа байланыс операторларының шығуына кедергі келтіретін әкімшілік, техникалық және басқа да кедергілерді анықтау мен жою.

Департамент талдау барысында байланыс операторлары мен интернет-қызметтер провайдерлерінің монополияға қарсы заңнаманы сақтауына, тіркелген интернет қызметтеріне баға белгілеу мен тарифтік саясатқа, сондай-ақ тұтынушылар мен бизнес субъектілерінің жоғары жылдамдықты телекоммуникация желілеріне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.

Талдау қорытындысына бойынша бұзушылықтар немесе кедергілер анықталған жағдайда, монополияға қарсы ден қоюдың тиісті шаралары қабылданатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз