ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Үшарал шекара басқармасының кітапханасында жас сарбаздармен әңгіме-сұхбат өтті. Кездесу барысында кітап оқудың маңызы, жастардың бойында оқу мәдениетін қалыптастыру және көркем әдебиетке қызығушылықты арттыру мәселелері талқыланды.
Оқу орталығының сарбаздары тақырыпқа байланысты эссе жазып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Үздік шығарма Саят Құдайберген жұмысы деп танылып, қатысушыларға грамоталар табысталды. Сарбаздар өздері оқыған кітаптарымен бөліссе, кітапханашы М. Әуезовтің «Абай жолы», І.Есенберлиннің «Қаһар» және Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармаларынан үзінділер келтірді. Кездесу кітаптың рухани құндылықтарды қалыптастырудағы рөлін тағы бір мәрте көрсетті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























