Алматы облысы мен Жетісу облысын қосымша газ көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Алматы – Талдықорған» магистралды газ құбырының екінші желісін салу жоспарланып отыр.
ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізген Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Оң қорытынды алынғаннан кейін жобаны қаржыландыру және одан әрі іске асыру мәселесі қаралатын болады.
Энергетика министрлігінде атап өткендей, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, халықты газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және өңірлердің одан әрі экономикалық дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Дереккөз: ҚР Энергетика министрлігінің ресми интернет ресурсы
Биыл 32 мыңнан астам қазақстандық табиғи газға қол жеткізеді





























