Текелі қаласында жаңадан 30 автобус аялдамасы орнатылуда

Текелі қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында және тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, биыл 30 жаңа автобус аялдамасын орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар сәуір айынан басталған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі таңда автобус аялдамаларын орнатуға арналған 15 алаң дайындалды. Оның ішінде ең ұзын Қонаев көшесі бойында 9 аялдама павильоны толық орнатылды.

Қала тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.

— Көшеміз жөнделіп, жол бойына жаңа аялдамалар қойылып жатыр. Аялдамалардың тек сыртқы келбеті көрнекті ғана емес, жаңбырда да, ыстықта да, суықта да жолаушыларға қолайлы болатындай жайлы. Автобустар уақыт-уақытымен жүріп тұр. Жол қатынасынан еш қиындығымыз жоқ. Бізге өмір сүруге керекті қолайлы жағдайлар жасалғанына ризамыз, — текелілік Гүлнар Биқожанова.

Жалпы, өткен жылы облыста тұрғын үймен 3 807 отбасы қамтылса, биыл 3 мың адамға үй беру жоспарланған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз