Біз көп жылдан бері Талдықорғанда тұрамыз. Аллаға шүкір! Мұнда отбасымыз толықты, ұрпағымыз өрбіді. Сол үшін Талдықорған халқымыз ұшін қасиетті қала. Биыл бас қаланың облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жылдан астам мезгіл өтті. Осы уақыт ішінде біз шаһардың жасарып-жайнап, өсіп-өркендеуіне куә болдық.
Кешегі тоқырау жылдары тұралап, жарықсыз, сусыз, жылусыз қалған байырғы шаһар бүгінде небір жаңа ғимараттармен толығып, адам танымастай өзгерді. Аймақта бірнеше шағын аудандар мен жаңа мектептер бой көтерді. Жолдар салынып, қала көшелері тегіс абаттандырылды. Көп қабатты тұрғын үйлер мен Достық үйі, Тіл және Салтанат сарайы, Театр, Көрме орталығы теңдесі жоқ олимпиада ойындарына арналған бассейн ғимараты сынды көптеген әлеуметтік нысандар мен жаңа мешіттер ашылды. Осының барлығы ел Тәуелсіздігінің арқасында қаламыздың жан-жақты дамып жеткен жетістіктерінің нәтижесі. Алла бұйырса жер жәннаты Жетісудың бас шаһары Талдықорған әлі талай биіктерді бағындырып, бұдан да көркем, бұдан да көрікті ғажайып қалаға айналарына сенемін. Еліміз аман, жеріміз тыныш, бірлігіміз бекем болғай!
Омар Хадысұлы ,
Жетісу облысы
Талдықорған қалаласына қарасты
Еркін ауылдық мешітінің бас имамы.