Жетісу облысына – 4 жыл: ирригациялық желілерді жаңғырту нәтижесінде 10 мың гектарға жуық жерге су жеткізу жақсарды

Жетісу облысында соңғы 4 жылда су шаруашылығы саласындағы 16 нысанды реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда олардың 6-ы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта тағы 10 нысанда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Соның нәтижесінде 3,2 мың гектар жаңа жер айналымға енгізіліп, 34,3 мың гектар жерге су жеткізу сапасы жақсарады. Атап айтқанда, Ескелді ауданындағы жалпы ұзындығы шамамен 14 шақырымды құрайтын «Алмалы» және «Бәйбіше» каналдарына күрделі жөндеу жүргізілуде. Жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылып жатыр, келесі жылы аяқталады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, аталған екі каналды қайта жаңғырту жобасын жүзеге асырудың нәтижесінде суару жүйесі қалпына келтіріліп, ауыл шаруашылығы жерлеріне судың сапалы жеткізілетін болады, бұл өңірдің агроөнеркәсіп саласының дамуына тың серпін береді.

Учаске шебері Қанағат Мергенбаевтың айтуынша, жоба аясында «Бәйбіше» каналына Текелі қаласынан Екпінді ауылына дейін механикалық тазарту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар 12 құбырлы өткел салу, 6 шлюз орнату, гидробекет орналастыру және ұзындығы шамамен 90 метр болатын акведук салу жоспарланған. Қамтылатын аумақ көлемі – 272 гектар.

«Алмалы» каналының жөндеу жұмыстарына келсек, қазіргі таңда демонтаждан кейін лотоктарды монтаждауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қайта жаңғырту аясында барлық лотоктарды ауыстыру, 4 гидробекет, 20 шлюз және су тарату құрылыстарын орнату, сондай-ақ құбырлы өткелдер салу қарастырылған. Соның нәтижесінде 419 гектар жерге су жеткізу сапасы жақсарады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, суару мәселесі ұзақ жылдар бойы ауданның ең өзекті проблемаларының бірі болып келген. Мәселен, Сырымбет ауылының тұрғыны Бұғымбай Бегалиев былай дейді:

– Отыз жылдан астам уақыт бойы арықтар құрғақ болып, бақша мен бау-бақшаның жағдайына кері әсерін тигізді. Соның салдарынан ауыл тұрғындары шаруашылықпен толыққанды айналыса алмады. Қазір жағдай өзгеріп келеді, көп жылдан бергі мәселе ақыры шешімін табатын болды. Енді сапалы суару арқылы жерімізді тиімді күтіп, өзіміздің пайдалы көкөніс пен жеміс-жидегімізді қуана өсіретін боламыз, – деді ол.

Айта кетсек, биыл Ақсу ауданындағы Қызылағаш суару алқабының құрылысы аяқталады. Соның нәтижесінде 3,2 мың гектар жаңа жер айналымға енгізіліп, 1,4 мың гектар жерге су жеткізу сапасы жақсарады.

– Отыз жылдан астам уақыт бойы арықтар құрғап, бау-бақшаның жағдайына кері әсерін тигізді. Соның салдарынан ауыл тұрғындары шаруашылықпен толыққанды айналыса алмады. Қазір жағдай өзгеріп келеді, көп жылдан бергі мәселе ақыры шешімін табатын болды. Енді суару жақсарып, соның арқасында жерімізді күтіп-баптап, пайдалы көкөніс, жеміс-жидегімізді қуана өсіретін боламыз, — деді ол.

Атап өтсек, биыл Ақсу ауданындағы Қызылағаш суару массивінің құрылысы аяқталады. Соның нәтижесінде 3,2 мың гектар жаңа жер айналымға енгізіліп, 1,4 мың гектар жерге су жеткізу сапасы жақсарады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз