Жетісу облысы Алакөл ауданының Жайпақ ауылында «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол 1 124-тен астам тұрғыны бар елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ашылу салтанатына Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Адамбек Оразалинов, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дастан Аханов, сондай-ақ Жетісу облысы ТЖД гарнизонының өкілдері мен жеке құрамы қатысты.
Жаңа өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен салынды. ТЖМ қызметті ұйымдастыру үшін өрт сөндіру автоцистернасын берді. Бөлімше қажетті байланыс құралдарымен және жабдықтармен қамтамасыз етіліп, дайындалған жеке құрам кезекшілікке кірісті. Ғимаратта тәулік бойы қызмет атқаруға барлық жағдай жасалған. Өрт сөндіру техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, қызметтік кабинеттер, тұрмыстық бөлмелер, демалыс бөлмесі мен ас үй қарастырылған. Жасалған инфрақұрылым қызметкерлерге толыққанды қызмет атқаруға және шақыртулар арасындағы уақытта демалуға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында ТЖД басшылығы өрт сөндіру бекетінің құрылысына елеулі үлес қосқан азаматтарға ведомстволық наградалар табыстады. Салтанатты рәсімнің ерекше сәті өрт сөндіру бекетінің аумағына ағаш отырғызу болды. Жаңа бөлімшенің ашылуы өрт сөндіру-құтқару көмегін тұрғындарға жақындатуға, оқиғаларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға және өрт сөндіру бөлімшелерінің келу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты
Қазақстанда 315-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды





























